Бүгін ҚР Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова Қазақстан Республикасының 2010 жылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндама жасады
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында дамудың оң серпіні байқалып отыр. Экономика өсімінің жоғары қарқыны бәрінен бұрын өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарылымының қайтадан қалыпына келуімен түсіндіріледі. Одан басқа, 2009 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда тұтыну тауарларына сұраныс едәуір өсті, металургия және химия өнеркәсібі, құрылыс саласы кәсіпорындарының дайын өнім шығарылымы қалпына келуі, сондай-ақ экспорт көлемінің өсуі көлік саласы үшін жақсы серпіліс болды.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 108,8 %-ды құрады. Алдын ала бағалау бойынша, ЖІӨ-нің нақты өсімі 8,0 %-ды құрады.
Өнеркәсіп өнімін өндіруі 2009 жылғы бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда 11,0 %-ға өсті, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді қазудың өсу қарқыны 6,3 %-ға, өңдеу өнеркәсібі – 18,3 %-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 8,1 %-ға, сумен жабдықтау – 7,8 %-ға өсті.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2009 жылғы бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда 3,1 %-ға өсті. Өсімдік шаруашылығы саласында нақты көлем индексі 100 %-ды, мал шаруашылығында – 103,3 %-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылдыңқаңтар-маусымында 2009 жылғы қаңтар-маусымнан 3,9 %-ға төмен.
Жалпы көлікпен жүктерді тасымалдау көлемі16,8 %-ға көбейді. Байланыс қызметі 5,2 %-ға өсті.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 2010 жылғы қаңтар-маусымда 13,1 %-ға көбейді.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2010 жылғы қаңтар-мамырда 2009 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 39,8 %-ға көбейді, соның ішінде экспорт – 74,1%-ға өсті, импорт – 4,5 %-ға төмендеді. Сауда теңгерімінің оңтайлы сальдосы 13,8 млрд. долл. құрады.
Негiзгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемi 2010 жылғы қаңтар-маусымда 2009 жылғы қаңтар-маусымнан 4,8 %-ға аз.
2010 жылғы бірінші жартыжылдықта Елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың қаражатын қосқанда (26,5 млрд. АҚШ долл.) 53,1 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2009 жылғы бірінші жартыжылдықтағыдан 12,0 %-ға артық.
Инфляция деңгейі 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 4,4 %-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайыздық көрсеткішке жоғары.
2010 жылғы қаңтар-мамырда орташа жан басына шаққанда ақшалай табыс 188,9 мың теңгені құрап, 2009 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 15,3 %-ға, нақты мәнде – 7,5 %-ға өсті.
Бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 2010 жылғы 5 айда 70,7 мың теңгені құрап, 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 11,2 %-ға, нақты мәнде – 3,7 %-ға өсті.
2010 жылғы бірінші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5,8 %-ды құрады.
Назад в раздел














