ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қ.Бишімбаев австриялық өнеркәсіпшілер бірлестігінің президенті В.Зоргер жетекшілік еткен делегациямен кездесу өткізді
2010 жылғы 19 мамырда Астана қаласында ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қ.Бишімбаев австриялық өнеркәсіпшілер бірлестігінің президенті В.Зоргер жетекшілік еткен делегациямен кездесу өткізді. Делегацияның құрамында OMV, Voestalpine, Strabag, Bertschgroup, Raiffeisen Bank сияқты және т.б. австриялық ірі экономикалық компаниялар мен банк құрылымдарының басшылары бар.
Кездесу барысында Вице-министр Қ.Бишімбаев австриялық өкілдерді еліміздің ағымдағы әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы және перспективалары, Қазақстан және Австрия арасындағы экономикалық саладағы ынтымақтастықтың мүмкін бағыттары туралы хабарландырды.
Назад в раздел














