Қазақстан Республиңасы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің 2010-2014 жылдарға арналған болжамын, 2010 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан кепілдік берілген трансферт» туралы
Мемлекет басшысының «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы жолдауының ережелерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы нақтыланды, 2010 жылдан бастап Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансфертті 8 млрд. АҚШ доллары немесе 1,2 трлн. теңге деңгейіндегі абсолютті мөлшерде тартуды көздейтін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010 - 2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы әзірленді, ағымдағы жылдың республикалық бюджетінің нақтыландыру жобасы дайындалды.
2010 жылы мұнайдың әлемдік бағасының болжамы бір баррелі үшін 50 АҚШ долларынан 65 АҚШ долларына дейін ұлғаюын көздейтін Республикалық бюджеттің болжамды параметрлердің негізі ретінде дамудың базалық сценарийі қабылданды. Экономика өсуі 2% деңгейінде болжанып отыр.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2010 жылы болжам бойынша 3,3%-ке өседі. Мұнай өңдеу көлемі 2010 жылы бағалау бойынша бұрын жоспарланғандай 80 млн. тоннаны құрайды.
2010 жылы экспорт 49,6 млрд. АҚШ доллары, импорт – 34,2 млрд. АҚШ доллары көлемінде болжанып отыр.
2010 жылы инфляция 6,0-8,0% деңгейінде бағаланып отыр, бұл ретте, төменгі шек бұрынғы болжамды көрсеткіштермен салыстырғанда 1,5 п.п. ұлғайған.
Мемлекет басшысының жолдауы іс-шараларын қамтамасыз ету қаражаттарының көздері мыналар болып табылады:
- Ұлттық қордан қосымша 124,3 млрд. теңге тарту;
- Республикалық бюджет кірісінің болжамын (трансферт түсімінсіз) 103 млрд. теңгеге ұлғайту.
Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үй салуға берілген бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдауға байланысты республикалық бюджеттің түсімдерін 13,7 млрд. теңгеге қысқарту болжанып отыр.
- 2009 жылғы қорытындылар бойынша бюджет қаражатының бос қалдықтарының қалған 24,1 млрд. теңге сомасын тарту;
- 26,6 млрд. теңге сомасына қарыздарды ұлғайту;
- 30,6 млрд. теңге жалпы сомасына шығыстарды қысқарту.
- Республикалық бюджетті нақтылау жобасы қосымша түсімдер мен босаған қаражатты мыналарға жұмсауды болжайды:
- 25% көтеру мерзімінің үстіміздегі жылғы 1 сәуірге ауыстырылуына байланысты бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы мен стипендияларды көтеруге 53,8 млрд. теңге көзделген;
- өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының іс-шараларын, шикізат емес сектор мен агроөнеркәсіп кешенін дамытуды, Астана қаласындағы Жаңа университеттің 2-кезегін салуды қоса алғанда Үдемелі индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі шараларды қаржыландыруға – 145,8 млрд. теңге;
- ЕҚЫҰ-ның бейресми саммитін өткізуді, ШЫҰ мен ЕурАзЕҚ-ке қатысуды, бағдарламалық құжаттарды БАҚ-та жария етуді және үкіметтік емес ұйымдарды тартуды, ішкі саяси мәселелерді шешуді қоса алғанда ішкі саяси тұрақтылықты қолдауға және халықаралық қатынастарды дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізуге 13,9 млрд. теңге;
- 2011 жылы Қысқы Азия ойындарын өткізу және Астана мен Алматы қалаларындағы объектілерді дамытуға байланысты іс-шараларға – 44,4 млрд. теңге;
- Кеден Одағына кіруге байланысты – 11,4 млрд. теңге;
- сыртқы қарыздарды тарту есебінен сумен жабдықтау және автомобиль жолдары жүйелерін дамыту жобаларын іске асыруға – 13,2 млрд. теңге;
- сондай-ақ, бірқатар кезек күттірмейтін әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы, прокуратура органдары мен сот жүйесі, өңірлер мәселелерін шешуге.
- Республикалық бюджеттің нақтыланған параметрлері мынадай:
- түсімдер – 3 378,4 млрд. теңге;
- шығыстар – 4 182 млрд. теңге;
- тапшылық – 803,6 млрд. теңге.
Назад в раздел













